Ссылки доступа

Қырғызстанның Жоғарғы соты Алексей Ширшовқа қатысты мәлімдеме жасады 


Қырғызстанның Жоғарғы соты "Коррупция" бабымен қамалып, үйқамаққа шығарылған "Дастан" трансұлттық корпорациясы ашық акционерлік қоғамының бұрынғы басшысы Алексей Ширшовтың соттылығы жоқ екенін мәлімдеді.

Мәліметке сәйкес, Алексей Ширшов Бірінші май аудандық сотының 2015 жылы 19 қаңтардағы шешімі бойынша Қылмыстық кодекстің 30-171-166-306-баптары бойынша қылмыс құрамы болмауына байланысты ақталған.

Ол осыған дейін Қылмыстық кодекстің 221-бабы бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға сотталған. Бірақ Бішкек қалалық сотының 2015 жылғы 19 наурыздағы шешімі бойынша аудандық соттың үкімі өзгертіліп, он мың сом айып салынған. Айыппұл 2015 жылдың 25 тамызында төленген.

Қылмыстық кодекстің 76-бабына сәйкес, түрме жазасына кесілмеген жеңіл жазамен сотталған адамдардың соттылығы бір жыл ішінде жойылады.

Алексей Ширшовқа қозғалған тағы бір қылмыстық іс бойынша шешім 2018 жылы шыққан. Бішкектің Октябрь аудандық соты 2018 жылдың 9 қазандағы шешімімен Алексей Ширшов Қылмыстық кодекстің 309-бабының бес эпизоды бойынша кінәлі деп танылған.

Бірақ қылмыс мерзімі өтіп кеткеніне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылған. Октябрь аудандық сотының шешімі 2019 жылдың 17 мамырында және 18 қарашада қалалық және Жоғарғы сот тарабынан күшінде қалдырылған.

Жоғарғы сот мәліметіне сәйкес, қылмыстық жауапкершіліктен босатылған адам сотталған болып есептелмейді.

Ірі коррупциялық күдікпен қамауға алынып, бірақ артынша үйқамаққа шығарылғаны қоғам тарапынан сынға алынды. Алексей Ширшов елдің бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы Маскимнің сыбайласы ретінде аталады.

Ел президенті Садыр Жапаров 11 мамырда Алексей Ширшовтың үйқамаққа шығарылғанына байланысты пікірін әлеуметтік желі арқылы жеткізген.

XS
SM
MD
LG