Ссылки доступа

Қырғызстанда 11 заңсыз тәжік мигранты ұсталды


город Сулюкта

Қырғызстанның Сүлікті қаласындағы көмір өндірісінде Тәжікстаннан келген 11 заңсыз мигрант жұмыс істеген. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

"29 сәуірде Сүліктіде ҰҚМК қызметкерлері Тәжікстаның 11 азаматын ұстады. Олар мұнда заңсыз жұмыс істеген. Олардың бәрі Соғды облысындағы Коргончо ауылынан келген", — делінген хабарламада.

Мәліметтерге қарағанда, шетел азаматтары республика аумағында заңсыз жүрген. Мемлекет шекарасын бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Мигранттар ҰҚМК тергеу изоляторына түсті. Тергеу жүріп жатыр.

2021 жылы Қырғызстанның 39 азаматы Тәжікстанның Соғды облысындағы шекарадан заңсыз өткені үшін сотталған.

Бұл уақытта ондаған тәжік азаматы Қырғызстанда шекара бұзғаны үшін жазаланған. Олардың бірқатарына шекарадағы қақтығысқа қатысты деген айып тағылды. Қырғызстанда нақты қанша тәжік азаматы ұсталғаны белгісіз.

XS
SM
MD
LG