Ссылки доступа

16 мамырда Мәскеуде ҰҚШҰ елдерінің басшылары кездеседі


Ресей астанасында дүйсенбі күні Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының саммиті өтеді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 15 мамырда Мәскеуге барғаны мәлім болды.

Саммитте ҰҚШҰ аясындағы қарым-қатынастың басты мәселелері, халықаралық және аймақтағы өзекті проблемалар, сонымен бірге ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жетілдіре түсу іс-шаралары талқыланады.

Кездесу қорытындысында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мәлімдемесі қабылданады.

XS
SM
MD
LG