Ссылки доступа

Шавкат Мирзияев Абу-Дабиде БАӘ-нің жаңа президентімен кездесіп, көңіл айтты


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 15 мамырда Біріккен Араб Әмірліктеріне барып, ел президенті, Абу-Даби әмірі Шейх Халиф бин Заид Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Абу-Дабидегі президент кешенінде ол Біріккен Араб Әмірліктерінің жаңадан сайланған президенті Мұхаммад бин Заид Әл Нахаянмен кездесті.

Өзбекстан президенті Әль Нахаянды мемлекеттің ең жоғарғы қызметіне сайлануымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

Мемлекет басшылары өзбек-әмірлік қарым-қатынасын арттыру мәселелерін талқылады.

Шавкат Мирзияев Аб-Дабиде Әмірліктердің сыртқы істер министрі Абдулла бин Заид Әл Нахаянмен, премьер-министрдің орынбасары, президент істері жөніндегі министр Мансұр бин Заид Әл Нахаянмен де кездесті.

Әмірлік басшысының қайтыс болуына байланысты азалы жиынға Франция президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Түркіменстан Халық кеңесінің төрағасы Гурбангұлы Бердымұхамедов, Египет президенті Абдулфаттах ас-Сиси, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф, сонымен бірге қырыққа жуық ірі лауазым иелері қатысты.

XS
SM
MD
LG