Ссылки доступа

Тәжікстан: Хорогтағы көтеріліс кезінде үш полиция өкілі қайтыс болды 


Хорогтағы наразылық. 16 мамыр, 2022
Хорогтағы наразылық. 16 мамыр, 2022

Тәжікстан ішкі істер министрлігі Таулы Бадахшан автоном облысының орталығы Хорогта болған наразылық акциясы кезінде адам өлімі болғанын растады. 

Мекеме таратқан мәліметте "сауатсыз жастар Таулы Бадахшанның ішкі істер басқармасына қарулы шабуыл жасады, нәтижесінде үш полиция өкілі қайтыс болды" делінген. Бұл наразылық болып жатқан үш күннен бергі ресми мәлімдеме.

Атап айтқанда, 17 мамыр күні таңертең Мамадбокир Мамадбокиров, Замир Назришоев және Ш. Шохтемур есімді азаматтардың шабуылынан Гайратшо Муборакшозода, Шухрат Камишев және Абубакр Файзуллозода есімді құқық қорғау органдарының қызметкерлері қайтыс болған.

14 мамыр күні Хорогтың жүзден астам тұрғыны наразылық акциясына шығып, облыс әкімі Алишер Мирзонабота мен қала әкімі Ризо Назарзоданың отставкасын талап етті. Халық қаладағы блокпосттарды алып тастап, белсенділерді қуғындауды тоқтауды сұрады.

Наразылық білдірушілер билікке 16 мамырдың сағат 16:00-не дейін уақыт берген. Бірақ билік халық талабын орындаудан бас тартқаннан кейін, белсенді жастар облыс әкімшілігі ғимаратына қарай барған. Алайда билік өкілдері оларға қарсы резіңке оқ пен көзден жас ағызатын газ қолданды.

Былтыр қараша айында болған халық көтерілісінен кейін Хорогта әлі интернет жоқ. Жағдайды анықтау қиын болып жатыр.

XS
SM
MD
LG