"Осыған дейін "Азия-Плюс" бас прокуратура мен мемлекеттік мекемелерден Таулы Бадахшандағы оқиға біржақты таратылып жатыр, бұл елдегі жағдайды одан сайын тұрақсыздандырады" деген хат алған. Кемшіліктерді жоюды талап етті, кері жағдайды басылым жабылады деп ескертті", - дейді агенттік редакциясы.
16 мамырда Хорог тұрғындары тағы көтеріліп, 14 мамырдағы талабының орындалуын сұраған. Онда халық Таулы Бадахшан облыс әкімі мен Хорог қаласы әкімінің отставкасын талап еткен.
16 мамырда көшеге шыққан жастарға билік резіңке оқ атып, көзден жас ағызатын газ шашқан. Нәтижесінде бір тұрғын қайтыс болып, ондаған адам жараланған. ІІМ мәліметінше, үш полиция өкілі қайтыс болды.
"Азия-Плюс" агенттігі Тәжікстандағы оқиғалар жайында шынайы ақпарат тарататын бірден бір басылым. Ол орыс, тәжік және ағылшын тілдерінде жарық көреді.