Министр жем сақтайтын базасы жоқ фермерлерге көмек көрсетудің тиімсіз екенін айтты. "Мал өсірушілерге көмек алу үшін жем шығаратын өндірісі немесе малды жаятын жайлуы болуы керек деген талап қойылады", - деді ол.
Ол елдің құс, мал етін, сүт өнімдерін импорттауға тәуелді екенін жеткізді. Ол проблемалардың бірін мал дәрігері, зоотехник-технологтар және зоотехник-селекционер секілді мамандық иелерінің жетіспеуінен деп атап өтті.
Былтыр көктемде Қазақстанда жауын-шашынның аз болуынан құрғақшылық орын алып, батыс өңірде жұт болған. Қанша мал қырылғаны белгісіз. Билік бірнеше мың қырылды деген.
Өткен апта соңында үкімет биыл Маңғыстау облысының фермерлері жеңілдетілген бағамен жем-шөп алады деп мәлімдеген.
Маңғыстау өңірінің мал шаруашылығына 5 мың тонна жем берілетіні айтылған. Бұдан бөлек 20 млрд теңге бөлінбекші.