Ссылки доступа

Түркіменстаннан тағы 490 этникалық қазақ көшіп келеді


Этнических казахов, переехавших в Казахстан из Туркменистана, встречают родственники на железнодорожной станции в Жанозене. Казахстан, 13 мая 2021 г. 

Маусым айының басында тағы 490 этникалық қазақ Түркіменстаннан Қазақстанға көшіп келеді. Бұл туралы тәуелсіз Turkmen.news басылымы "Түркмендемирёллары" ("Түркімен темір жолдары") агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Басылым мәліметінше, 2 маусымда "Түркмендемирёллары" агенттігі "Түркіменбашы – Берекет – Серхетяка – Болашақ" бағытымен жүретін арнайы пойыз ұйымдастырады. Болашақта пойыз түркімен локомотивінен Қазақстан темір жолына ауысады. Арнайы пойыз жолаушыларды Жаңаөзен қаласына дейін жеткізіп, сол жерден Түркіменстанға оралады.

Түркімен басылымының хабарлауынша, этникалық қазақтарды көшіру жұмысы Қазақстанның Түркіменстандағы елшілігінің өтінішімен, Түркіменстан төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің 11 мамырдағы шешіміне сай атқарылады.

Қазақстан үкіметінің шетелдегі этникалық қазақтардың елге көшіп келуіне жағдай жасайтын арнайы бағдарламасы бар. Елге оралған қазақтар "қандас" мәртебесін алады.

turkmen.news басылымының хабарлауынша, 2021 жылғы 26 ақпанда 160-тан астам этникалық қазақ Түркіменстаннан Қазақстанға көшті. Олар көшті бір жылдан астам уақыт күтті. 2020 жылы 319 адам Түркіменстаннан Қазақстанға көшкен.

2022 жылы Қазақстанға шетелден көшіп келген 2 мыңға жуық адам "қандас" мәртебесін алды. Олардың дені Алматы және Маңғыстау облыстарына қоныстанды.

«Ком в горле от радости». Казахи из Туркменистана ступили на родную землю
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:28 0:00
XS
SM
MD
LG