Ссылки доступа

Өзбекстанда 700 млн сум жинаған қаржы пирамидасын құрған топ ұсталды 


Өзбекстанның Жызақ өңірінде Telegram каналы арқылы халықтан ақша жинап, қаржы пирамидасын құрған топ анықталды. Олар 692 млн сум жинаған.

Бас прокуратураның экономикалық қылмыспен күрес басқармасының мәліметінше, Ю. М., Ш. И. деген азаматтар Instagram арқылы Gift Of Legacy ойынына 200 мың сум немесе 50 доллар салғандар, ақшасын 7−8 есе қайтарып алады деп жарнамалаған.

Олар Telegram каналынан "онлайн-гәп" (гәп — көңіл көтеретін отырыс) ашқан. Жазылушылар ұйымдастырушыларға 692,3 млн сум ($62 мың) аударған. Жаңа қатысушылардан түскен ақша топты ашқан адамдарға түсіп отырған.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу ісі жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG