Ссылки доступа

Ауғанстан Өзбекстан мен Тәжікстанға электр қуаты үшін $100 млн қарыз


Ауғанстан энергетика министрлігінің мәлімдеуінше, үкімет Өзбекстан мен Тәжікстанға электр қуаты үшін 100 миллионнан астам доллар қарыз. Бұл туралы Tolo News ауған газеті хабарлады.

Ауғанстан қарызды жабуға дайын, бірақ Орталық Азия елдері, әсіресе Өзбекстан мен Тәжікстанда ақша аудару ісінде мәселе пайда болды, дейді ауған министрлігінің өкілі Ахтар Мұхаммад Нусрат.

Ауғанстандағы DABS энергетика компаниясының бұрынғы басшысы Аманулла Голибтің айтуынша, мемлекет жыл сайын Орталық Азия елдеріне, әсіресе Өзбекстанға, электр қуаты үшін жыл сайын шамамен $300 млн төлейді.

"Ауғанстан электр қуатының көп бөлігін Өзбекстаннан сатып алады. Жылына шамамен $108 млн төленеді. Мәселе соны қалай төлеуде болып тұр", - дейді ол. Аманулла Голибтің айтуынша, көрші елдерде Украинадағы жағдайға байланысты банк ісі қиындап кеткен.

XS
SM
MD
LG