Ссылки доступа

Бішкекте өтетін экономикалық форумға ЕАЭО елдері басшыларынан тек Тоқаев қатысады 


26 мамырда Бішкекте Еуразиялық экономикалық форум өтеді. Қырғызстан үкімет басшысының орынбасары Арзыбек Кожошевтың сөзінше, бұл форум ЕАЭО құрылғалы бері бірінші рет өткелі отыр. 

Бұл жиынға көрші елдерден тек Қазақстан басшысы бармақ, қалғаны онлайн режимде қатысады. Форумға ЕАЭО-ға мүше елдерден басқа он елдің өкілдері де қатысады деп күтіледі. Жалпы форумға 1700 адам тіркелген.

Форум тақырыбы "Еуразиялық экономикалық интеграция ғаламдық өзгерістер дәуірінде" деп аталады.

Форум аясында Қазақстан мен Қырғызстан президенттерінің екіжақты кездесуі өтеді деп жоспарланған. Тараптар екі елдің шекарасында жүк көліктеріне қатысты орын алып жатқан проблемаларды талқыламақ.

XS
SM
MD
LG