Ссылки доступа

"Ол жақта тозақ". Зеленский Ресей Донбассты бомбалауды үдетті дейді 


Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Донбассты "толығымен жойып жатыр" деп мәлімдеді.  

19 мамыр күні кешкісін жариялаған видео мәлімдемесінде Зеленский Ресей күштері украиндықтарды өлтіріп, геноцид жасап жатқанын қайталады.

"Ол жақта тозақ — бұл асыра айтқандық емес, 19 мамырда Донецкінің солтүстік өңірінде атқылаудан 12 адам қайтыс болды", - деді Украина президенті.

"Одесса облысын, Украинаның орталық қалаларын атқылап жатыр. Донбасс толығымен қирады", - деді Зеленский.

Зеленский 19 мамырда Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен және Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен қаржылай көмек және ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау мәселесі жөнінде сөйлескенін жеткізді.

Осының алдында Қызыл Крест Халықаралық комитеті Мариупольдағы "Азовсталь" металлургиялық комбинатынан шыққан жүздеген украиндық сарбазды әскери тұтқын ретінде тіркеуді бастағанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG