Ссылки доступа

Маусым оқиғасы бойынша үш саясаткерге айып тағылды


Қырғызстанда 2010 жылдағы маусым оқиғасына байланысты қозғалған қылмыстық іске байланысты бас прокуратура Уақытша үкімет мүшелері Кеңешбек Дүйшөбаев, Исмаил Исаков және Бектұр Асановқа қарсы қылмыстық іс қозғады.

Маған қарсы Қылмыстық кодекстің 337-бабы (“Қызмет бабын асыра пайдалану”) бойынша айып тақты. Бұл оппозицияға қарсы жасалып отырған әрекет. Істе ешқандай дәлелдер жоқ. Тергеу, сот әділетті жүруі керек. Бірақ оны көре алмай жатырмыз”, - деді Дүйшөбаев.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті осыған дейін маусым оқиғасы қайта тергелетінін мәлімдеген.

Президент Садыр Жапаров бұл оқиғаны қайта зерттеуді тапсырған.

2010 жылдың сәуір айында Қырғызстанда наразылық акцияларынан кейін билік алмасқан. Осы жылдың маусым айында Ош және Жалал-Абад облыстарында ұлтаралық жанжал шыққан.

Маусым оқиғасы деген атпен қалған бұл оқиғада ресми мәлімет бойынша 446 адамқайтыс болып, 2 мыңға жуық адам жараланған. 57 адам із-түссіз жоғалып, оның 19-ы әлі табылмады.

XS
SM
MD
LG