Ссылки доступа

Ташкент әуежайында есірткі алып өтпек болған жолаушы ұсталды 


Нью-Йорктен келген азаматтан құрамында сора майы бар шоколад, мармелад және сағыз табылған. 

Өзбекстанның кеден қызметінің хабарлауынша, Нью-Йорктен оралған жолаушының сөмкесінде күдікті зат анықталған. Сөмкеде тек тәтті заттар болған. Тексерген кезде тәттілердің құрамында есірткі анықталған.

Бұдан бөлек көзілдірік салатын футлярдан 1,2 гр марихуана табылған. Жүктің иесі бұл заттарды медициналық мақсатта қолданатынын айтып, жергілікті елдің заңында тыйым салынғанын білмедім деп түсіндірген.

XS
SM
MD
LG