Ссылки доступа

Temirov Live каналы Болат Теміровті "ұстау операциясын" зерттеді  


Ютубтағы Temirov Live каналы биылғы жылдың басында милицияның зерттеуші журналист Болат Теміровті есірткіге байланысты ұстау операциясы туралы зерттеуін жариялады.

Сюжетте арнайы операцияны милиция тергеушілері емес, бетіне маска киген бейтаныс екі адам басқарғаны айтылған. Сонымен бірге бұл іске Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-бөлімінің қызметкерлері араласқаны көрсетілген.

Бішкек милициясы мен арнайы қызмет бұл сюжетке байланысты әзірге түсініктеме бермеді.

Бішкектің Свердлов аудандық сотында 18 мамырда зерттеуші журналист Болат Теміров ісі қаралған. Келесі сот отырысы 25 мамырға белгіленген. Оның алдында милиция шешімі бойынша қырғыз төлқұжаты жарамсыз деп танылған.

Биыл қаңтар айында Бішкек қалалық милициясы Теміровке қарсы Есірткіні сақтау және заңсыз әзірлеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Осының алдында Болат Теміровтің Temirov LIVE деп аталатын YouTube каналы “Екі күнде қалай 37 млн сом табады? Садыр Жапаров және Ташиев схемасы” деген зерттеуін жариялаған.

20 сәуірде Болат Теміровке қарсы Қылмыстық кодекстің Жасанды құжат әзірлеу”, “Мемлекеттік шекарадан заңсыз өту баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Журналистке қарсы бас-аяғы төрт бірдей іс қозғалған. Журналист мұны өзінің кәсіби қызметімен тікелей байланыстырады.

XS
SM
MD
LG