Ссылки доступа

Тәжікстан ІІМ: Бадахшанда 19 адам билікке берілді 


Тәжікстанның ІІМ Рушан ауданының 19 тұрғынының тізімін жариялап, оларды билікке “өз ықтиярымен берілген экстремистік-террорлық топтың мүшелері” деп сипаттады.  

ІІМ сайтындағы мәліметке қарағанда, олар 15-18 мамыр күндері Рушандағы митингке қатысқан. Әзірге биліктің бұл мәліметін басқа дереккөздер арқылы тексеру мүмкін емес болып тұр. Рушанда телефон және интернет байланысы сөндірілген.

Ұсталғандардың туыстары журналистермен сөйлесуге қорқып жатыр.

ІІМ тізімінде “Исламның қайта жаңғыруы партиясының аймақтағы бұрынғы лидерлері Амирбек Кайобеков пен Нуриддин Саидов және Холбаш Холбашовтың қылмыстық тобының мүшесі деген 15 адам бар.

Еуропада орналасқан “Исламның қайта жаңғыруы партиясының өкілдері Кайобеков пен Саидов расында ұйымның Рушан бөлімін басқарғанын растады.

Биліктің уәжі бойынша наразылықты ұйымдастырушылардың бірі делінген Холбаш Холбашов өткен аптада қамауға алынған белсенді Ульфатоним Мамадшоеваның бұрынғы күйеуі. Ал Холбашовтың қазір қайда екені белгісіз.

Қамаудағы Ульфатхонум Мамадшоева өзінің заңсыз ешнәрсе жасамағанын айтады. Наразылық акцияларын ұйымдастырды деп айыпталған Махмадбокир Махмадбокиров 22 мамырда Хорогта өлтірілген.

XS
SM
MD
LG