Ссылки доступа

Тәжік белсендісі Мамадшоеваның ісіне "құпия" белгісі қойылған


Ульфатхоним Мамадшоева

"Билікті күшпен құлатуға үндеді" деп айыпталған тәжік белсендісі Ульфатхоним Мамадшоеваның ісіне "құпия" белгісі басылған.

Ульфатхоним Мамадшоеваны ҰҚМК мен Бас прокуратура қызметкерлері 18 мамырда Душанбеде ұстады. Озоди радиосының дереккөзі 19 мамырда белсендіге "Тәжікстан конституциялық құрылымын күшпен құлатуға үндеді" деген айып тағылғанын айтты. Мамадшоева сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Ұсталғанға дейін азаматтық белсенді өзінің Хорог пен Рушандағы наразылықтарға қатысы жоғын айтқан.

Озоди радиосының дереккөзі Мамадшоеваның ісіне "құпия" белгісі басылғанын хабарлады. Істі Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мен Бас прокуратура тергеп жатыр. Белсендінің адвокаты іске қатысты мәліметтерді жарияламау туралы қолхат берген. Ол журналистермен сөйлесе алмайды.

Тәжікстан билігі 17 мамырда Хорогтағы наразылық акциясын Мамадбокир Мамадбокиров, Әлім Шерзамонов және Ульфатхоним Мамадшоева ұйымдастырған деп мәлімдеген.

Таулы Бадахшан автономиялы облысының бейресми жетекшілерінің бірі Мамадбокир Мамадбокировті 22 мамырда Хорог қаласында өлтірді. Биліктің хабарлауынша, оны қылымыстық топтардың ішкі қақтығысында атып өлтірген. Алайда “Pamir Daily News” вебсайтының дереккөзі Мамадбокировтің өліміне Тәжікстанның құқық қорғау органдары жауапты деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG