Ссылки доступа

"Уральские авиалинии" компаниясы Ресейден Қырғызстанға "Жүк – 200-ді" тегін жеткізетін болды


Қырғызстан Министрлер кабинеті жанындағы азаматтық авиация агенттігі мен Ресейдің "Уральские авиалинии" әуе компаниясы "Жүк - 200-ді" тегін тасымалдауға келісті.

Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі келісімге 17 мамырда қол қойылғанын хабарлады. Елшілік мәліметіне қарағанда, "Жүк – 200" Ресейдің Челябинск, Уфа, Минеральные Воды, Нижневартовск, Қазан, Самара, Сочи қалаларынан Қырғызстанның Ош қаласына және Самара мен Сочиден Бішкек қаласына тегін тасымалданады. "Жүк 200-ді" жіберуші әуекомпаниясына перрон және әуежай алымы үшін төлеуге тиіс.

Сәуір айында Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі Қырғызстанның Ресейде өлген 15 азаматын ("Жүк – 200") жіберуге атсалысқан. Алайда Қырғызстан заңы бойынша, қайтыс болғандардың туыстары мен жақындары денені әкетуге жұмсалған шығынды жабуға тиіс.

Бұған дейін Ресейде жыл сайын Қырғызстанның 300-ден астам азаматы қайтыс болатыны, олардың денесін Қырғызстанға жеткізу туыстарына үлкен проблемаға айналғаны хабарланған. Өлген адамды тасымалдау қымбат процедура қатарына жатады.

Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстанның бір миллион 118 мың азаматы шетелде, оның миллионы Ресейде жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG