Ссылки доступа

Худжанд сотының төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды


Хомиджон Мухаммадзода
Хомиджон Мухаммадзода

Тәжікстанда Худжанд қалалық сотының төрағасы Хомиджон Мұхаммадзода пара алды деген күдікпен істі болды. Онымен бірге сот судьясы мен адвокат ұсталды.

Мұхаммадзоданың қолға түскенін Озоди радиосының бірнеше дереккөзі растады. Сот төрағасы, судья және адвокат пара алды деген күдікпен істі болды.

Хомиджон Мұхаммадзоданың туыстары журналистермен сөйлесуден бас тартты. Билік оның адвокатының есімін айтпай отыр. Күдіктілердің тағылған айыптарға қатысты ұстанымы қандай екені де белгісіз.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, бұның алдында Мұхаммадзода өзін ұстау операциясы болатынын алдын ала біліп, пара белгісі бар ақшаларды басқа біреуге тапсырып, өзі қашық кеткен. Операция биыл 22 сәуірде болған.

Хомиджон Мұхаммадзода Худжанд қалалық сотының төрағасы қызметіне 2021 жылғы 25 қарашада тағайындалды. Ол бұл қызметті 1996-2000 жылдар аралығында да атқарды.

Тәжікстанда 400-ден аса судья бар. Соңғы он жылда отыз шақты судья түрлі айыптармен ұсталды.

XS
SM
MD
LG