Ссылки доступа

Қырғызстан мен Ресей арасында темір жол қатынасы қайта жанданады


"Қырғыз темір жолы" Қырғызстаннан Ресейге пойыз қатынасы қалпына келеді деп мәлімдеді. 2020 жылдың көктемінде коронавирус пандемиясы басталған кезде тоқтап қалған болатын. 

Енді 6 маусымнан бастап Бішкектен Қазанға, 8 маусымнан бастап Самараға аптасына екі рет, 9 маусымнан бастап Новосибирскіге аптасына бір рет пойыз жүре бастайды. Жолаушылар COVID–19 вирусының бар-жоғын анықтайтын ПТР тест тапсыруы міндетті.

Биыл ақпан айында Қазақстан тарабы аумағы арқылы қырғыз пойызының өтуіне рұқсат берген. Бірақ Ресей әлі келісімін бермей келген.

Ал Мәскеуге Бішкектен пойыз әзірге жүрмейді.

XS
SM
MD
LG