Ссылки доступа

Қырғызстан жанармайды Ресейден рубльмен сатып ала бастады


Қырғызстанда мұнай тасымалдаушылар Ресейден жанармайды орыс рубльімен сатып ала бастады. Бұл туралы 25 мамырда Жогорку Кеңеш отырысында Монополияны реттеу қызметінің төрағасы Кеңешбай Тайлаков хабарлады. 

Депутат Дастан Бекешев доллар бағамы төмен түссе де, жанармай бағасы неліктен қымбат екенін сұраған.

"Қазір мұнай тасымалдаушылардың 70% жанармайды рубльмен сатып алып жатыр. Қалған 30% доллармен төлейді", - деді Кеңешбай Тайлаков.

Қырғызстанда соңғы жылы жанармай бағасы күрт қымбаттады. Аи-92 маркалы бензин литрі 62,9 сом (0,8 доллар) тұрады, бір жыл бұрын 49,4 сом болған.

Қырғызстан жыл сайын 1 млн тонна жанармай қолданады. Оның денін Ресейден сатып алады.

XS
SM
MD
LG