Ссылки доступа

Өзбекстанда газ бен жарық қымбаттайды


Өзбекстанда газ бен жарық қымбаттайтыны әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Республиканың қаржы министрлігі тариф туралы мәлімдеме таратты.

"Жылу-энергия ресурстары тарифтері мен бағасын өзгерту туралы" үкімет қаулысының жобасы қоғам талқысына ұсынылғанын хабарлаймыз. Құжат энергетика саласын реформалау мақсатында дайындалды. Қаулы жобасы Regulation.uz сайтында жарияланды. Ұсыныстар мен пікірлер ескеріледі", — делінген министрлік мәлімдемесінде.

Бұның алдында энергетика министрінің орынбасары Шерзод Хожаев Өзбекстанда өндірілген электр қуатын халық тұтынғанда мемлекет пайда көрмейтінін, қайта шығынға бататынын айтқан. Оның мәлімдеуінше, 1 киловатт-сағат электр қуатының халыққа ұсынылған тарифі 295 сум ($0,03) тұрады, ал оның орташа өндіріс бағасы 400 сум ($0,04) болады.

XS
SM
MD
LG