"Өтірік. Ол Өзбекстанда, бәрі жақсы", – деді Сергей Савин.
Бұның алдында әнші Наргиз Зәкірованы Мәскеу әуежайында ұстаған, оны Өзбекстанға депортациялауы мүмкін деген ақпарат тараған.
Еске салайық, Украинадағы жағдайға байланысты Зәкірова Ресейден Өзбекстандағы отбасына оралған. Бұған қоса, әнші Ресейге қатысты өткір пікір айтқан.
Наргиз Зәкірова – Өзбекстанда танымал әнші Батыр Зәкіровтің туысы. Наргиз Ташкентте туып-өсті. 1995 жылы ол АҚШ-қа көшті. 2014 жылы Наргиз Зәкірова ресейлік Бірінші арнаның "Дауыс" жобасында финалға дейін жетіп, Ресей эстрадасының танымал әншісіне айналды.