Ссылки доступа

Тәжік оппозиционері Әлім Шерзамонов: "Билік Бадахшандағы қылмысын ақтауға талпынып жатыр"


Алим Шерзамонов
Алим Шерзамонов

Тәжікстанда тыйым салынған Ұлттық альянс төрағасының орынбасары Әлім Шерзамоновтың пікірінше, билік оны Хорог пен Рушандағы наразылықтарды ұйымдастырды деп айыптау арқылы өз қылмысын жасыруға талпынып жатыр.

24 мамырда "Точикистон" мемлекеттік телеарнасы Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы оқиғалар туралы деректі фильм көрсетті. Онда аймақтың бейресми жетекшілерінің бірі Мамадбокир Мамадбокиров, отставкадағы генерал Холбаш Холбашов, қоғам белсендісі Ульфатхоним Мамадшаева және Еуропадағы елдердің бірінде жүрген Тәжікстан ұлттық альянсы төрағасының орынбасары Әлім Шерзамонов 26 наурызда Хорог пен Рушанда осы айда болған жаппай тәртіпсіздікті жоспарлады, деп хабарланған деректі фильмде.

Әлім Шерзамонов мұндай айыпты жоққа шығарып отыр. "Бұл күндері Таулы Бадахшанда интернет болмағанын өзіңіз де жақсы білесіз. Интернетсіз қандай онлайн-әңгіме болуы мүмкін? Бұның бары өтірік. Мені және басқаларға айыптаған билік Рушандағы әрекеттерін ақтағысы келеді. Мен ешқашан Холбаш Холбашовпен сөйлескен емеспін", - дейді Шерзамонов.

Оның пікірінше, билік осындай жалған мәлімдемелер жасай отырып, Рушан ауданындағы геноцидін ақтап шықпақшы. "Онда бейбіт тұрғындар қаза болды. Содан кейін қара күйені Тәжікстан ұлттық альянсына жаба салмақшы. Билік альянсты террористік ұйым, мені содыр деп жариялаған".

Фильмде қоғам белсендісі Ульфатхоним Мамадшоева Таулы Бадахшандағы наразылықты қаржыландырғанын "мойындаған". "Мұқият қарасаңыз, Ульфатхонимнің оң көзінің асты көгеріп тұрғанын байқауға болады... Фильм авторлары бұны жасыруға тырысқан. Ульфатхоним ісіндегі материалдарға "құпия" белгісі қойылған. Құпия іс туралы эфирде айтуға қай мекеме рұқсат беруі мүмкін? Арнайы қызмет тергеу изоляторында сотқа дейін түсірген видеоға кім сенеді? Ондағылардың бәрі тергеуші не айтса, соны істейді", - дейді Шерзамонов.

XS
SM
MD
LG