Таулы Бадахшандағы Рушан ауданында Тәжікстан ішкі істер министрлігінің 18 мамырдағы "терроризммен күрес операцясы" барысында 10 адам қаза болды. Рушан тұрғындары кем дегенде 21 адамның мүрдесін көргенін, кейбір дереккөздер операция кезінде кем дегенде 25 адам опат болғанын айтты. Озоди радиосының үш дереккөзі Рушан ауданына кіретін тұсқа блокпост орнатылғанын хабарлады.
"Азаматтық құқық қорғаушылар" (ORD), Адам құқықтары жөніндегі Хельсинки қоры (HFHR), Адам құқықтары жөніндегі халықаралық әріптестік (IPHR), Норвегия Хельсинки комитеті (NHC) және Азаптауға қарсы дүниежүзілік ұйым (OMCT) 24 мамырда Таулы Бадахшанға қатысты бірлескен мәлімдеме жариялады.
Бес ұйым аймаққа интернет берілгенін қалайды. Рушан ауданы әлі байланыссыз отыр. Онда не болып жатқаны беймәлім. Жергілікті билік "Бадахшан" телеарнасы арқылы аймақта бәрі тыныш, тұрғындар күнделікті тіршілігімен айналысып жатыр деп мәлімдеген.
Озоди радиосының дереккөздері Рушан ауданында сенбі күні базарлар қайта ашылғанын хабарлаған, бірақ тауардың бәрі қымбатқа сатылып жатыр, азық-түлік аз.