Ссылки доступа

Ресей елдегі өзбек мигранттары санына қойылған шектеуді алып тастайды


Ресейдің еңбек министрлігі Өзбекстанның еңбек мигранттары санына қойылған шектеуді алып тастауды ұсынды, деп хабарлады "Коммерсантъ" газеті.

Өзбекстанмен жасалған келісімшарт бойынша, Ресей бір жылда 10 мың өзбекстандыққа квота бөлуге кепілдік береді. Еңбек мигранттары негізінен құрылыс пен ауыл шаруашылығына тартылады.

Еңбек министрлігі мигранттар жұмыс істеуі мүмкін салаларды көбейтуді, сонымен бірге өзбек жұмыс күшінің санына қойылған шектеуді алып тастауды ұсынды. Министрлік жоспарымен өзбек мигранттары экономиканың барлық салаларына тартылады.

Ресей әскері Украинаға басып кіргелі бері федерация аумағында мигранттар айлығы күрт төмендеп кетті. Жалақыны кешіктіріп беретін болды. Соңғы мәлімет бойынша, соғыс басталғалы бері 750 шетел компаниясы Ресейден кетті. Сарапшылардың кейбірі Ресейде дағдарыс тереңдей түскен уақытта мигранттардың басым бөлігі еліне қайтады деп болжайды.

XS
SM
MD
LG