Ссылки доступа

Тақырға отырған тәжік банкінің Душанбедегі ғимараты 12 млн долларға сатылады


Кезінде республикадағы ең ірі банктердің бірі саналған "Тоджиксодиротбанк" екі жыл бұрын тақырға отырып, енді оның мүлкі саудаланып жатыр. Банк меншігін аукционда Тәжікстанның инвестиция комитеті сатады.

Банктің Душанбедегі ғимараты сатылатыны 25 мамырда жарияланды. Ғимарат 125 миллион 265 мың 630 сомониге (шамамен 12 миллион доллар) бағаланды.

Сатып алғысы келетіндер бар болса, ғимарат бағасы көтеріледі, ешкім алғысы келмесе, онда баға түседі. Банк ғимаратының ауданы - 22 мың шаршы метр.

"Тәжікстан" қонақ үйі де сатылады. Бұрын ол "Тоджиксодиротбанктің" ірі акционері Тоджиддин Пирзодқа тиесілі болған. Душанбе орталығындағы қонақ үй шамамен 25 миллион доллар тұрады. Ғимарат екі гектардан астам жерде орналасқан.

2021 жылғы 21 мамырда Ұлттық банк "Тоджиксодиротбанкті" басқаруға рұқсат алды. Билік мәліметінше, тақырға отырған банк лицензиядан айрылған уақытта қаржы мекемесінің 5 500 клиенті болған.

XS
SM
MD
LG