Ссылки доступа

Қырғыз азаматтары қаңтарда азапталғанына қарамастан, Қазақстан мен Қырғызстан құқық көмегі келісімін жаңалады


Қазақстан мен Қырғызстан екі ел арасында азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара көмектесуді реттейтін келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама қабылдады, деп хабарлады ресми баспасөз.

Хаттамаға екі елдің делегациялары 26 мамырда Бішкекте қол қойған.

Бұның алдында тәуелсіз медиа Қазақстан қаңтар оқиғасы кезінде азапатталған қырғызстандықтар істер тергеуге асықпай отырғанын жазған.

Мамыр айының басында қырғыз музыканты Викрам Рузахуновтың адвокаты Азаттыққа Қазақстандағы істі тергеу тоқтағанын айтқан. Қырғызстан билігі Рузахунов қауіпсіздігін қамтамасыз етпеді, сол себепті ол тергеу шараларына қатысу үшін Алматыға барудан бас тартты. Оның үстіне, музыкантты Алматыда азаптағанына қатысты бұл істе әлі күнге дейін ешқандай күдікті анықталмаған, дейді адвокат.

Қазақстанда қаңтар айының басындағы наразылықтан соң ұсталып, тергеу изоляторларында азапталғандар арасында кем дегенде екі қырғыз азаматы бар.

Викрам Рузахуновты қазақстандық күш құрылымдарының өкілдері ұстап, аяусыз ұрып-соққан, сосын мемлекеттік телеарна эфирінде "ақша үшін акцияға шыққан қылмыскер" ретінде көрсетуге тырысқан. Көпшілік жұрт музыкантты танығаннан кейін ғана Викрам елге оралды. Ақпан айында Алматы облысының жемқорлықпен күрес басқармасы азаптау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Тағы бір қырғызстандық — 47 жастағы Чолпонбек Сыдыков 8 қаңтарда Алматыдан Қырғызстанға қайтып келе жатқанда ұсталды. Қаңтардың аяғында оны Бішкекке жеткізді. Оның екі аяғы да сынған, миы шайқалған.

XS
SM
MD
LG