Ссылки доступа

Ауғанстанда тележүргізуші ер азаматтар әйелдерді қолдау үшін бетін тұмшалап эфирге шықты


Одна из женщин-телеведущих Tolo News в эфире после распоряжения талибов
Одна из женщин-телеведущих Tolo News в эфире после распоряжения талибов

Ауған телеарналарының кейбірінде жүргізуші ер азаматтар эфирге маска киіп шықты. Олар осы әрекеті арқылы әріптес әйелдерге қолдау көрсетті. Бұның алдында тәліптер әйелдерге ниқабсыз жұмыс істеуге тыйым салған.

21 мамамырда "Талибанның" ислам бағдары министрлігі ауған телеарналары үшін қаулы шығарды. Онда тележүргізуші әйелдер эфирге бетін тұмшалап шығуы тиіс екені айтылған.

Әлеуметтік желілерде # FreeHerFace акциясы жүріп жатыр. Оған қатысатын тележүргізуші ер азаматтар қара маскамен селфи түсіріп, әріптес әйелдерге қолдау көрсетеді.

Tolo News тележүргізушісі Ялда Әли орамалмен қоса қара медициналық маска тағып эфирге шықты. Тәліптер мұндай масканы ниқаб орнына қолдануға рұқсат берген. Көзін ғана ашық қалдырған жүргізушілер Tolo News, Ariana Television, Shamshad TV және 1TV эфирлерінде көрінді. Телебағдарламалардың бірінде эфир қонақтары да маска киіп, "Талибанның" ислам бағдары министрлігі баспасөз хатшысына ниқаб киіп жүруге кеңес берді.

Министрліктің ресми өкілі Мұхаммад Акиф Мұхаджир ұсыныстан бас тартып, олардың өздерін шариғатты бұзды деп айыптады. "Тәліптердің кеңестерін ашық қарсылық көрсетушілер, оны мазақ етушілер шариғат заңдарына қарсы шығушылар болады", - дейді ол.

Бұның алдында "Талибан" қозғалысы телержүргізуші әйелдерге қатысты шешім талқылауға жатпайды деп мәлімдеген.

# FreeHerFace науқанына Ауғанстан мен шетелдегі жүздеген адам қосылды. Халықаралық ұйымдар тәліптердің мұндай шешімін айыптады.

XS
SM
MD
LG