Ссылки доступа

Бішкек сұратқан тәжік азаматтарына Ресейден елге оралуға рұқсат бермеді


Фуркат Абдуфаттоев (слева) и Диловар Джураев

Қырғызстан билігінің сұрауымен жақында Ресейде ұсталған екі тәжік азаматына елге оралуға рұқсат бермеді. Фуркат Абдуфаттоев пен Диловар Жураев ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

Тәжікстандағы Ворух ауылының 48 жастағы тұрғыны Фуркат Абдуфаттоев - Қырғызстан сұрауымен Ресейде ұсталған алғашқы тәжік азаматы. Абдуфаттоевқа 2019 жылғы 13 наурызда тәжік-қырғыз шекарасындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген айып тағылған. Ол айыпты жоққа шығарып отыр. Тәжік азаматын 2021 жылғы ақпанда Башқұртстанда ұстаған. Жарты жылдан кейін ғана оны қамаудан ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатты.

"Әйелім мен балаларым Тәжікстанда қалды, маған бұл жерден кетуге рұқсат бермейді. Патентпен де жұмыс істей алмаймын, өйткені мен әлі күнге дейін федералдық іздеугі адаммын. Жұмыссыз отырмын, қарыз көбейіп кетті. Адвокат қызметі үшін ғана 800 мың рубль қарыз алуға тура келді", дейді Фуркат Абдуфаттоев.

Исфараның тағы бір тұрғыны Диловар Жураев та дәл осыған ұқсас қиын жағдайға тап болды. Ол 2021 жылғы 8 қарашада Новосібір қаласында ұсталды. Жураев бірнеше күннен соң Тәжікстан бас прокуратурасының сұрауымен бостандыққа шықты.

Ресей бас прокуратурасы Тәжікстан азаматтарын Бішкекке беруден бас тартты. Алайда жергілікті билік оларға елге оралуға рұқсат бермей отыр.

Фуркат Абдуфаттоев пен Диловар Жураев құзырлы органдарға арызданған, бірақ ондағылар "Мәселені Мәскеу шешеді" деп жауап берген. Бірақ Бас прокуратура тәжік азаматтарының хатына әлі жауап берген жоқ.

XS
SM
MD
LG