Ссылки доступа

Қырғызстанда доллар бір күнде 5 сомға қымбаттады


Қырғызстанда АҚШ долларының бағамы тағы көтеріле бастады. 26 мамырда елдегі банктердің дені валютаны 85 сомнан сатты. Содан бір күн бұрын бір доллар шамамен 80 сомға бағаланған.

Ал Ұлттық банк белгілеген ресми бағам төрт күннен бері өзгерген жоқ – 79,5 сом. Дәл осындай төмен бағам 2020 жылғы қазанда тіркелген.

Үш ай бойы америка валютасы құбылып тұр. Батыс Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге санкция салған соң ресейлік валюта нарығы тұрақсызданып, соның салдары ТМД-ның басқа да елдеріне әсер етіп жатыр.

Наурыз айының ортасына таман доллардың ресми бағамы 105 сомға дейін көтерілді, ал сәуірдің басында 81,5 сомға дейін түсті. Одан кейін тағы көтеріліп, қайта құлады.

XS
SM
MD
LG