Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне "Ұлы көшпелілер мұрасы" ұлттын холдингінің жетекшісі Теңіз Бөлтүрік хабарлады.
"Маман шақырттық, тексеріп жатырмыз. Табиғи құбылыс. 2002 және 2006 жылдары да сондай болған. Карьер өте үлкен - ұзындығы 3 км, ені - 2 км, ал тереңдігі - 1 км. Мұндай жағдайда жыныс қозғалып тұрады", - деді Бөлтүрік.
Үкімет басшысы Ақылбек Жапаровтың тапсырмасымен мекемеаралық комиссия құрылды. Ол карьердегі жарықтың пайда болу себептері мен салдарын зерттейді.
Құмтөр - Қырғызстандағы ең ірі алтын кені. Мұнда жылына 15-17 тонна алтын өндіріледі.