Өзбекстан ішкі істер істір министрлігінің хабарлауынша, жүргізушілер биліктен қауіпсіздік белдігі үшін салынған айыппұлдарды жоюды талап еткен.
14 мамырда Қарши қаласының орталық көшесіне "Lochin ko’z-Q" ("Лашын көз-К") орнатылған. Ол қауіпсіздік белдігін тақпағандарды да анықтай алады. Камера орнатылғаны халыққа хабарланған, делінген министрлік жауабында.
Министрлік автокөлік жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырды.
1 мамырда Өзбекстанда жаңарған жолда жүру ережесі күшіне енді. Енді көлік жүргізушілер мен алдыңғы қатардағы жолаушылар қауіпсіздік белдігін қозғалыс кезінде тағып отыруы тиіс.