Ссылки доступа

Түркімен президенті анасына "Еңбек сіңірген кілем тоқу шебері" атағын берді  


Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтің анасына "Еңбек сіңірген кілем тоқу шебері" атағы берілді.

Мемлекеттік "Бейтарап Түркіменстан" газетіне шыққан мәліметке сәйкес, мұндай атақ "кілем тоқу ұлттық өнеріне көп жылдан бері еңбек сіңірген үшін "Түркіменкілем"компаниясының өтінішімен берілген.

Мұндай атақты Огулгерек Бердімұхамедовамен қоса тағы 11 әйел алған. Түркіменстанда кілем мерекесі 1991 жылдан бері мамыр айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі.

Түркіменстанның бұрынғы бірінші ханымы, қазіргі президенттің анасы жайлы толық ақпарат жоқ. Бірінші ханым Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге ресми түрде ешқашан сапарлаған емес. Оның суреті былтыр ғана мемлекеттік ақпарат құралдарында пайда болған.

XS
SM
MD
LG