Ссылки доступа

Өзбекстан Қазақстаннан шамамен 123 мың тонна ұн сатып алды


2022 жылғы қаңтар-сәуір айларында Өзбекстан 38,5 млн долларға 124,8 мың тонна бидай ұнын сатып алды. Бұл туралы Мемлекеттік статистика жөніндегі агенттігі хабарлады.

Бидай ұнын импорттау былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 22 мың тоннаға артқан.

2022 жылғы қаңтар-сәуір айларында Өзбекстан мына елдерден бидай ұнын импорттады:

  • Қазақстан - 122,8 мың тонна
  • Ресей - 1,9 мың тонна
  • АҚШ - 50 тонна
  • Италия - 27 тонна
  • Үндістан - 2 тонна
  • Франция - 1,8 тонна

Еске салайық, сәуір-шілде айларында Өзбекстан Қазақстаннан 100 тонна бидайдың үшінші сортын арзан бағамен алуды көздеп отыр. Ішкі және сыртқы нарықтағы жағдайға қарай тағы 500 тонна бидай алу жоспарда бар.

15 сәуірде Қазақстан бидай мен ұн экспортын шектеді. "Ішкі нарықта дефицит болмас үшін осындай шара қабылдау қажет", - деп түсіндірді Қазақстан ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров.

11 мамырда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев астық өндірісі саласында реформа жариялады. Мемлекет басшысының айтуынша, 1 маусымнан бастап астықты сатып алу-сату нарық бағасына көшеді.

XS
SM
MD
LG