Ссылки доступа

Бішкек орталығында касса аппаратына қарсылар акция өткізіп жатыр


Бішкек қаласында президент әкімшілігі мен үкімет үйі алдындағы алаңда кәсіпкерлердің наразылық акциясы өтіп жатыр. Олар үкіметтің касса аппараттарын орнату жөніндегі талаптарына қарсы.

Азаттық радиосы Қырғыз қызмметінің хабарлауынша, митингіге жүз шақты адам жиналды. Олар "Кәсіпкерлер касса аппараттарына қарсы!", "Біз шот-фактураға қарсымыз", "Патент қалсын!" деп жазылған плакаттар ұстап тұр.

"Мұнда жеке кәсіпкерлер, дүкен қожайындары жиналды. Олар касса аппараттарын орнатуға қарсы. Бізге үш рет қайтара салық төлетіп жатыр. Касса аппараттары - төртінші салыққа айналады. Біз оған дайын емеспіз. Патент жүйесін қалдырсын. Әйтпесе жемқорлық жайлайды, салықшылар бізден пара талап етеді", - дейді акциядағы кәсіпкерлердің бірі Әділет Бейшенов.

Дәл осындай акция 30 мамырда Талас қаласында да өтті. Жүзге жуық кәсіпкер президент Садыр Жапаров пен үкімет басшысы Ақылбек Жапаровқа үндеу тастады.

2022 жылы Қырғызстанда Салық кодексінің жаңа нұсқасы күшіне енді. Заңға сәйкес, 2023 жылға дейін барлық сауда касса аппараттары арқылы жасалуы тиіс. Базарда 1 тамыздан бастап касса аппараттары қолданыла бастайды.

XS
SM
MD
LG