Ссылки доступа

Жалал-Абадтағы жарылыстан зардап шеккендер арасында шетел азаматтары бар


Қырғызстанның оңтүстігіндегі Жалал-Абад қаласында болған жарылыстан шетел азаматтары да зардап шекті.

Қырғызстан төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің Азаттыққа хабарлауынша, 29 мамырда "Мин Ксин" кәсіпорындағы жарылыстан үш жұмысшы зардап шекті.

Олардың бәрі облыстық ауруханада жатыр. Дәрігерлер науқастардың жағдайын өте ауыр деп бағалады. Клиника басшысы Кумар Ботоқараевтың айтуынша, зауыттың тағы төрт жұмысшысы жеңіл жарақат алған. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

ТЖМ мәліметінше, олардың бірі Өзбекстан азаматы, екеуі - Қытай азаматы.

Жергілікті милиция тергеу жүргізіп жатыр.

Мәліметтерге қарағанда, қытай инвесторы 114 млн сом салған бұл зауытта 65 адам жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG