Ссылки доступа

Дереккөздер: Хорогта "Комиссия 44" тобының оннан астам мүшесі ұсталды


Таулы Бадахшан автономиялы облысында былтыр қарашадағы митингтен соң Хорогта құрылған "Комиссия 44" тобының оннан астам мүшесі ұсталды.

Аймақтағы жағдайды реттеу үшін құрылған бұл комиссия құрамына облыстағы азаматтық қоғам белсенділері кірген.

Тәжікстанның ресми құрылымдары бұл мәліметке қатысты ешқандай ақпарат таратқан жоқ. Дегенмен Озоди радиосының Бадахшандағы үш дереккөзі 29 мамырда осы мәліметті растады.

Дереккөздердің айтуынша, "Комиссия 44" тобының оннан астам мүшесін, олардың арасында заңгер Фаромуз Иргашевті де, 28 мамырда прокуратураға шақыртқан. Оларды "шетелден ақша алуға қатысты тергеген соң" изоляторға жапқан.

Топтың бір мүшесі "топтағы 13 адам қамауда отқанын, олардың үстінен іс қозғалған-қозғалмағаны белгісіз" екенін айтты.

Бұның алдында Бадахшаннан шыққан еңбек мигранттары "Комиссия 44" қызметіне қолдау көрсетіп, қараша оқиғасының әділ тергелуін қалаған, дейді дереккөз. "Бірақ шетел ұйымдары мен елдерінен ешқандай қаржылай көмек болған жоқ. Бадахшан тумалары, мигранттар ғана көмектесті. Адамдар істің әділ шешілгенін қалады. Олар "Комиссия 44" тобына үміт артты", - дейді топ мүшесі.

"Комиссия 44" тобына Бадахшанның азаматтық қоғам өкілдері мен белсенділері кірді. Бас прокуратура мен әскери прокуратураның алты мүшесі комиссия жұмысына қосылды. Комиссия мүшелері билікпен келіссөз жүргізді.

XS
SM
MD
LG