Ссылки доступа

Ереванда акция кезінде 100-ден астам демонстрант ұсталды 


Ереванда наразылыққа шыққандарды ұстау кезінде, 30 мамыр 2022 жыл 

Дүйсенбі күні Ереванда толқу кезінде 100-ден астам наразылық білдіруші ұсталды. Үш полиция қызметкері ауруханаға түсті. Бұл жөнінде "Интерфакс" хабарлайды. 

Дүйсенбі күні оппозициялық "Қарсылық қозғалысы" мүшелері Ереван орталығындағы үкімет үйі алдына жиналған. Наразылықты бастап жүрген алты депутат үкімет үйіне кірмек болды. Өздерінің айтуынша, Таулы Қарабақтағы мәселеге қатысты оппозицияның әзірлеген жобасын таныстырмақ болған.

Алайда полиция оларға ғимаратқа кіруге рұқсат бермеді. Осыдан кейін қақтығыс басталған.

Пашинян үкіметіне қарсы жаппай наразылық сәуір айында басталған. Оппозиция премьер-министрді Әзербайжанмен Таулы Қарабақтың тәуелсіздігін мойындау туралы келісімге қол қоймақшы деп айыптайды.

Никол Пашинян Армения билігіне 2018 жылы алдыңғы үкіметке қарсы толқудан кейін келді. 2021 жылы мерзімінен бұрын өткен сайлауда ол қайта сайланған.

XS
SM
MD
LG