Ссылки доступа

Дүниежүзілік банк: Өзбекстанда олигархтардың билікке келу қауіпі жоғары


Өзбекстанда 2025 жылға қарай жеке бастың мүддесі үшін билікті тартып алу қауіпі жоғары болады. Осылай деп Дүниежүзілік банк екінші рет жүргізген сараптамасында айтылады.

Баяндамада постсоветтік аймақтарда құрылған елдерде, оның ішінде Ресей мен Украинада мемлекетті басып алу және олигархтардың құрылуы реформа процесіндегі екі маңызды кезеңде орын алатыны айтылады. Бұл мемлекеттік бақылауды қысқарту және жерлерді, мемлекеттік компанияларды жекеменшікке беру кезінде жүреді.

Бұл екі кезең де алдағы бес жыл ішінде өзбек үкіметінің реформа жүргізу жоспарына кіреді.

Постсоветтік елдерде осыған дейін орын алған оқиғалар көрсеткендей, негізінен жеке мүдденің екі түрі бар:

- жаңа ресурстарға бақылау жүргізу,

- реформа процесіне кедергі келтіру.

Дүниежүзілік банк мемлекетті басып алудың негізгі каналдарының бірі арнайы, ашық емес жеңілдіктер берілу дейді.

Постсоветтік елдердегі өзге мемлекеттердей Өзбекстанда да президентке, үкіметке жақын байланысы бар бизнес өкілдері өзгеше мәміле жасап, келісімге келу мүмкіндігіне ие.

Мәселен, оларға салық, баж жеңілдіктері беріледі. Олар ресурстарға ие болып, потенциалды бәсекелестеріне кедергі келтіреді.

XS
SM
MD
LG