Ссылки доступа

Хожент қалалық сотының төрағасы судьяның қадыр-қасиетіне кір келтіргені үшін қызметінен алынды


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 30 мамырда “соттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне кір келтіргені үшін” Хомиджон Мухаммадзоданы Хожент қалалық сотының төрағасы қызметінен босатты. 

Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сонымен бірге Хожент қаласының судьясы Рустам Махмадсаидзода мен Душанбе қаласы Сино аудандық сотының судьясы Рахмиддин Рахимзода да қызметінен алынған.

Өткен аптада Озоди радиосы бұлақтарына сүйеніп, Хомиджон Мухаммадзода пара алды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған.

Бірқатар мәліметтерге қарағанда, Мухаммадзода өзін ұстау операциясы болатынын естіп, пара белгісі бар ақшаны басқа адамға тапсырып, өзі қашып кеткен. Арнайы операция 22 сәуірде жүрген.

Қазір Тәжікстанда 400-ден астам судья бар. Соңғы он жылда өлкеде 30-дан астам судьяқамалып, әртүрлі мерзімге түрмеге кесілді.

XS
SM
MD
LG