Ссылки доступа

Қырғыз премьері сауда нүктелерінің бәріне касса аппараттары енгізілетінін мәлімдеді


Қырғыз үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаровтың мәлімдеуінше, касса аппараттары Қырғызстанның барлық сауда нүктелерінде орнатылады. Бұл туралы ол 31 мамырда Жемқорлықпен күрес кеңесінің жиналысында осылай деді.

31 мамырда Жемқорлықпен күрес кеңесінің жиналысын өткізген Жапарова касса аппараттарын енгізген соң "салық саласында жемқорлық біртіндеп азаяды" деді.

"Біз Қырғызстандағы 2 мыңға жуық қала мен ауылға тәртіп орнатамыз, бәріне касса аппараттарын қоямыз", - деп мәлімдеді Жапаров.

Бұның алдында Бішкек пен Талас қалаларындағы кәсіпкерлер касса аппараттарына қарсы акция өткізген. Екі қаладаға наразылық митингіне жүз шақты адам жиналды. Олар үкіметтен касса аппараттарынан бас тартып, патент жүйесін қалдыруын талап етті.

XS
SM
MD
LG