Ссылки доступа

Тәжікстан ІІМ: Таулы Бадахшанда арнайы операция кезінде бес адам өлтірілді


Таулы Бадахшан автоном облысының Рушан ауданында жүргізілген "антитеррорлық операция" кезінде бес адам өлтірілді деп мәлімдеді Тәжікстанның ІІМ. 

Ресми мәліметке сүйенсек, "олардың бәрі арнайы ұйымдастырылған қылмыстық және террористік топтың мүшелері болған".

Рушанда интернет байланысы болмағандықтан, бұл мәліметті анықтау қиынға соғып тұр. ІІМ өлтірілген азаматтардың бәрі 18 мамырдан бері арнайы іздеуде болған дейді.

Сонымен бірге Вамар тұрғыны Кулмахмад Палаев (1974 жылы туған) деген азаматтың ұсталғаны хабарланды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол "террористік топтың жетекшілерінің бірі болған".

Рушан тұрғындары өлтірілген азаматтардың бәрі бейбіт тұрғындар болғанын айтады.

XS
SM
MD
LG