Ссылки доступа

Экс-президент тұрған үй қарттар үйіне берілмек 


Қырғызстанның Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қоры елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың өзі тұрған үйін балаларға арналған білім беру және сауықтыру кешені ретінде ашуға тапсырма бергеніне байланысты мәлімдеме жасады. 

Осының алдында Қырғызстанның Мемлекеттік мүлікті басқару қоры экс-президент Алмазбек Атамбаевтың Кой-Таштағы үйін мемлекетке өткізу процесі аяқталды деп мәлімдеген.

"Атамбаевтың жақтастарының ол үйді балаларға арналған орталыққа айналдыруға құқығы жоқ. Себебі бұл үй мемлекет меншігіне өтті. Біз қазір оны қарттар емделетін орталыққа айналдыруды қарастырып жатырмыз", - деді мемлекеттік қор өкілі.

2020 жылдың маусым айында Бішкектің Бірінші май аудандық соты Алмазбек Атамбаевты қылмыс әлемінің белсендісі Азиз Батукаевты заңсыз босатты деген айыппен 11 жыл екі айға соттаған.

2020 жылдың қазан айындағы төңкерістен кейін экс-президенттің қорғаушылары сот процесі кезінде заң бұзушылықтар орын алды деп, Жоғарғы соттан барлық үкімнің күшін жоюға қол жеткізген.

Алайда 2021 жылдың күзінде Бас прокуратура 2020 жылғы Жоғарғы соттың шешімін қайтарып алу жөнінде шағымданған. Жоғарғы сот істі қайта қарау жөнінде шешім шығарып, кейін экс-президентке қатысты бірінші инстанция үкімін күшінде қалдырды.

XS
SM
MD
LG