Редакция мәліметіне қарағанда, Холикназаров өткен аптада Хорогта ұсталып, оған қарсы "Қылмыстық топқа қатысу" бабы бойынша іс қозғалған.
Әзірге бұл ақпаратты Тәжікстанның ресми органдары растамады да, терістемеді де.
Бір күн бұрын Озоди радиосы "Комиссия 44" тобының оннан астам мүшесінің ұсталғанын хабарлаған.
Топтың бір мүшесі "топтағы 13 адам қамауда отқанын, олардың үстінен іс қозғалған-қозғалмағаны белгісіз" екенін айтты.
Бұның алдында Бадахшаннан шыққан еңбек мигранттары "Комиссия 44" қызметіне қолдау көрсетіп, қараша оқиғасының әділ тергелуін қалаған, дейді дереккөз. "Бірақ шетел ұйымдары мен елдерінен ешқандай қаржылай көмек болған жоқ. Бадахшан тумалары, мигранттар ғана көмектесті. Адамдар істің әділ шешілгенін қалады. Олар "Комиссия 44" тобына үміт артты", - дейді топ мүшесі.
"Комиссия 44" тобына Бадахшанның азаматтық қоғам өкілдері мен белсенділері кірді. Бас прокуратура мен әскери прокуратураның алты мүшесі комиссия жұмысына қосылды. Комиссия мүшелері билікпен келіссөз жүргізді.