Ссылки доступа

Өзбекстанда 1 шілдеден бастап жарық пен газ қымбаттайды


Өзбекстанда 1 шілдеден бастап "әлеуметтік тұтыну межесі" енгізіліп, коммуналдық қызмет ақысы қымбаттайды.

"Жанармай-қуат ресурстары бағасын өзгерту туралы" үкімет қаулысының жобасы 31 мамыр мен 15 маусым аралығында талқыланады.

Құжатта 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап халыққа табиғи газ бен электр қуатын жеткізу ісі "әлеуметтік тұтыну межесіне" сай бағамен жеткізіледі делінген.

Үкімет қаулысына сәйкес, 1 шілдеден бастап көп қабатты үйлер мен жатақханаларда тұратындар 1 киловатт-сағат электр қуаты үшін 165 сум (0,015 доллар) төлейді.

Қалған тұтынушылар бір айда 250 кВтс дейін 325 сумнан (0,03 доллар), одан асып кетсе - 650 сумнан (0,05 доллар) төлейді. Қазір Өзбекстанда электр қуатының 1 киловаты 295 сум (0,027 доллар) тұрады.

Табиғи газдың 1 текшеметрі 410 сум (0,03 доллар) тұрады деп белгіленген. Көгілдір отынды көп тұтынған сайын оның бағасы өсе береді.

XS
SM
MD
LG