Ссылки доступа

Германияда Тәжікстан азаматтары террористік ұйымға мүше болды деген айыппен сотталды 


Германияда Тәжікстанның бес азаматы "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының мүшелері деген айыппен сотталды. Үкім 31 мамырда шықты.  

Дюссельдорф соты бес тәжік азаматын үш жылдан тоғыз жарым жылға дейін мерзімге дейін соттады.

Сот мәліметінше, сотталушылар Стокгольмдағы (2017 ж.) жарылысты ұйымдастырушылармен және Венадағы (2020 ж.) төрт адамды өлтірген адаммен байланыста болған.

"26 жастағы Суннатулло К. Германия батысында исламды сынаушыны өлтірмек болды деген айыппен 9,5 жылға, 33 жастағы Фарходшох К. Албанияда тапсырыспен адам өлтірмек болды деген айыппен 8,5 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген сот мәліметінде.

Бұдан бөлек 34 жастағы Мұхаммадали Г., 29 жастағы Азизджон Б. және 25 жастағы Комрон айыпты деп танылған.

Сонымен бірге олардың 2019 жылы Ауғанстандағы ИМ жетекшілерімен байланыста болғаны айтылады.

Тәжікстанның ресми мәліметі бойынша, 2013 жылы ИМ пайда болғаннан бері 2000 тәжік азаматы Сирия мен Иракқа аттанған.

XS
SM
MD
LG