Ссылки доступа

Тәжікстанда танымал блогердің анасы екі жыл үйқамақта отырады


Мавджигуль Гарибова - мать известного блогера и критика властей Джунайдулло Худоёрова
Мавджигуль Гарибова - мать известного блогера и критика властей Джунайдулло Худоёрова

Тәжікстанның шығысындағы Лахш ауданының соты 1 маусымда танымал блогер Жунайдулло Худоёровтың 66 жастағы анасын бұзақылық жасады деп танып, оған екі жыл үйқамақта отыру жазасын белгіледі.

Тергеу нұсқасы бойынша, Рашт ауданының тұрғыны Мавжигүл Гарибова ауылдасы Әлішер Насриддинді жарақаттаған. Сотталушы тағылған айыптарды мойындамады.

Әлішер Насриддин де бұзақылық жасады деп айыпталып, оған 3 мың сомони (шамамен 260 доллар) айыппұл салынды.

Әлішер Насриддин — Мавжигүл Гарибованың немересі Әлиризо Худоёровтың өліміне қатысты іс бойынша сотталғандардың бірінің бауыры. 21 жастағы студент Әлиризо 2021 жылғы 11 шілдеде Рашт ауданы Яшм ауылындағы төбелесте пышақталған.

Гарибованың айтуынша, былтыр қарашада ол Әлішер Насриддинмен жанжалдасып қалған.

"Сол күні Әлішер Насриддиннің бір туысы қайтыс болған. Ол маған көкемнің қазасына риза шығарсың деп мысқылдады. Немеремді өлтірген адамның бақилық болғаны жақсы еді деп жауап бердім. Әлішер мені қатты ұрғаны сонша, жерге құлап түстім. Омыртқам зақымданды. Оған қол көтермедім. Онысы жалған", — дейді Мавжигүл.

Мавжигүл Гарибова - билікті жиі сынайтын танымал блогер Жунайдулло Худоёровтың анасы. Блогердің өзі бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылған. 2017 жылы ол елде тыйым салынған Салафия ағымын қолдады деген айыппен бес жылға сотталды. Екі жылдан соң блогер рақымшылықпен бостандыққа шықты.

XS
SM
MD
LG