"Біз Green Card лотереяларын қолдауды тоқтатпаймыз. Мемлекеттік департаменттің сәуір айына арналған соңғы статистикасына сәйкес, АҚШ-тың Ташкенттегі елшілігі түрлі ұлт өкілдеріне арналған визаны рәсімдеу жағынан әлемде екінші оры алды",- делінген елшілік таратқан хабарламада.
2022 жылғы сәуірде АҚШ-тың Ташкенттегі елшілігі 600-тан аса иммиграция визаларын тапсырған.
2018 жылы Өзбекстандағы 2 114 446 адам Green Card лотереясын алуға өтініш берген.