Ссылки доступа

Өзбекстан Тәжікстаннан энергия сатып алады 


Өзбекстан мен Тәжікстан энергия экспорттау жөнінде келісімге қол қойды. Бұл жөнінде gazeta.uz Өзбекстанның энергетика министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Қазіргі кезде Тәжікстанда Рогун ГЭС-нің барлық агрегатын іске қосу процесі жүріп жатыр.

Электр энергияны жеткізу, оның көлемі және тарифі бөлек қаралып, келісіледі. Бірақ жыл соңына дейін энергия тасымалдау көзделіп отыр.

Әзірге екі тарап энергия тасымалдау жөнінде 10 жылға келісімге келген.

Тәжікстанда Рогун ГЭС-нің құрылысы 2016 жылдың қазан айында басталған. ГЭС-тің әрқайсының қуаты 600 МВт болатын алты агрегаты бар. Жалпы қуаты 3600 МВт (сағатына 17 млрд кВт) болатын Рогун ГЭС-і Орталық Азиядағы ең ірі гидро электр станциясы болмақ.

Кезінде Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримов бұл электр станциясының құрылысына таулы аймақта орналасқан, жер сілкінсе аймаққа апат әкеледі деп қарсылық білдірген.

XS
SM
MD
LG